Жүгіру жолы •
Кіру
AA+
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы •
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 5 «Арай» балабақша - бөбекжайы» КМҚК оқу - материалдық активтеріне сипаттама.

Ғимарат 2 қабатты, құрылыс ауданы - 1082,7, ғимараттың көлемі - 9420, жалпы ауданы - 2597,9, салынған жылы - 1977 жыл.

Балабақшаның техникалық паспорты 22.02.2011 жылы жасалған.

Кәсіпорынның құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.</span

ШҚО «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ - де 2011 жылғы «21» желтоқсанында жер учаскесіне меншіктік құқығын, жер пайдалану құқығын беретін актілер жазылатын кітапта № 424 болып жазылған.

Жер учаскесінің Кадастрлық номері: 05-085-069-1038, жер учаскесінің алаңы: 0,8626 га (көшірме қосымша ұсынылды).

Балабақша - бөбекжай қазіргі заман талабына сай жабдықталған.

Арнайы музыка және спорт залдары қарастырылған. Стандарт талаптарына сай әдістемелік және дидактикалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Асқаналық және медициналық блоктар нормаға сай жаңа құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Материалды - техникалық базаны нығайту мақсатындағы атқарылған шаруашылық жұмыстарға талдау

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның атауы «ШҚО қаржы Басқармасы» ММ 2021 жылғы 11 қаңтарындағы № П - 51(К) бұйрығы негізінде «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 «Арай» балабақша - бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта тіркелді.

Қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы №KZ03RBK00030115 хабарлама 2021 жылдың 16 қаңтарында алынды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша лицензия 2021 жылдың 11 қаңтарында қайта рәсімдеуден өтті.

Лицензиар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

Жер учаскесінің Кадастрлық номері: 05-085-069-1038

Жер учаскесінің алаңы: 0,8626 га

Ғимараттың көлемі - 9420 

Жалпы ауданы - 2597,9

Бадабақша - бөбекжай қазақ тілінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі 260 балаға арналған.