Жүгіру жолы •
Кіру
AA+
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы •
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі

Әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің заңнамалық және нормативтік құжаттарымен, балабақша - бөбекжай жарғысымен және Мектепке дейінгі ұйымның жергілікті құжаттарымен тұжырымдалған. Мекеменің педагог қызметкерлерінің өздігінен білім алу табыстылығы әдістемелік қызметтің қолдауы мен еөмегіне тікелей тәуелді болады, оның негізгі мақсаты: Мектепке дейінгі мекеме рейтінгін көтеру және сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында педагогтардың кәсіби біліктілік көтеруге жағдай жасау.

2022 - 2023 оқу жылындағы мекемедегі тәрбиелік - білім беру үрдісін ұйымдастыру және оқу - әдістемелік жұмыстары

· Педагогикалық кеңес

· Әдістемелік кеңес

· Ұйымдастырылған оқу қызметі

· Мектепке дейінгі балалардың жалпы өмірін қауіпсіздендіру негізінде жұмыстар

· Жеке тұлғаны дамытудағы жеке жұмыстар

· Педагогтермен жеке жұмыстар

Осы бағыттар негізінде жылдық жоспарға сай 5 педагогикалық кеңес, 4 әдістемелік кеңес қажетті дайындықпен мерзіміне сай өткізілді. Педагогикалық кеңестерге дайындық барысында мекеменің барлық педагог қызметкерлері мемлекетік стандарттың жалпы ережелері мен талаптарын жүзеге асырды.

№1 Педагогикалық кеңес

Тақырыбы: «Жаңа 2022 - 2023 оқу жылын ұйымдастыру және тәрбие жұмысының моделін жасау»

Күн тәртібі:

1. Педагогикалық ұжымды ҚР мектепке дейінгі ұжымдары мен мектепалды сыныптарында 2022 - 2023 оқу жылы тәрбиелеу - оқыту процессін ұйымдастыру туралы әдістемелік - нұсқаулық хатымен таныстыру

Директор: Ж.Е. Смагулова

2. 2022 - 2023 оқу жылына арналған перспективалық жоспарларды және апталық циклограммаларды бекіту. 

Әдіскер: А.С. Жанапина

3. Бейнелеу өнері мұғалімінің және хореография маманының жұмыс кестесін, перспективтік жоспарларын бекіту.

Әдіскер: Ж.Х. Нургазинова

4. 2022 - 2023 жылына күн тәртібінің кестесін бекіту.

Директор: Ж.Е. Смагулова

5. Педагогтерді балабақшада қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықпен таныстыру.

Әдіскер: Ж.Х. Нургазинова

6. Аттестациядан өтетін педагогтардың өтініштерін қарау.

Директор:Ж.Е. Смагулова. Әдіскерлер.

№ 1 педагогикалық кеңестің шешімі:

1. Мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік стандарттың мақсаттарын жүзеге асыру барысында ойын іс - әрекеттерін және тәрбиелік жұмыстарды тиімді әдіс - тәсілдер қолдана отырып балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту

Жауаптылар: барлық топ тәрбиешілері Мерзімі: үнемі.

2. Толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін барлық топтарда заттық - дамытушы ортаны санитарлық гигиеналық талапқа сай және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша безендіру.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері.

Мерзімі: 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін.

3. Мектепке дейінгі мекеменің жылдық міндеттерін орындауда педагог мамандарды әдістемеліктермен, балалар әдебиеті және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету.

Жауапты: Директор Смагулова Ж.Е.

Мерзімі: 2022 жылдың 20 қазанына дейін.

4. Барлық топтарда педагогикалық үдерісті балалардың жас ерекшеліктеріне сай қыймылды, сюжетті - рөлдік, театрланған және дамытушылық ойындармен толықтыру.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері, әдіскерлер

Мерзімі: 2022 жылдың 20 қазанына дейін.

5. Хореография маманына балаларды ерте дамыту институты дайындаған бағдарламаны қолдануды ұсыну.

6. Балалардың құзіреттілік деңгейін бақылау мақсатында оқу жылы барысында үш рет диагностикалық жұмыс өткізу.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері, әдіскерлер

Мерзімі: үнемі.

7. 2022 - 2023 оқу жылының күн тәртібін бекіту.

8. Балабақшада қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері, педагог мамандар.

Мерзімі: үнемі.

9. Тәрбиешілер Битимбаева С.С. Касилимханова М.А. Омарбекова Б.М. «педагог - модератор» біліктілік санатына  ұсынылс

№2 Педагогикалық кеңес 

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сөйлеу тілдерін дамыту бағытында дидактикалық ойындардың алатын орны, жаңа технологиялар бастамасы»

Күн тәртібі:

1. №1 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы.

Балабақша директоры: Смагулова Ж.Е

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының маңызы.

Тәрбиеші: Б.М.Серікбаева

3. Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту

Тәрбиеші: А.Қ.Қадылбекова

4. «Тәрбие - тілден басталады» іскерлік ойын

Әдіскер: Ж.Х.Нургазинова

Барлық топ тәрбиешілері

5. Балалардың коммуникатив дағдыларын дамыту бағытына арналған дидактикалық ойындар, картотекалық, лепбук көрмесі

Барлық топ тәрбиешілері

№ 2 педагогикалық кеңестің шешімі:

1. ҚР мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың коммуникативтік дағдыларын әртүрлі дидактикалық ойын түрлерін қолдану арқылы қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру. Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері. Мерзімі: үнемі.

2. Балалардың сөйлеу тілін дамыту да заманауи жаңа технологияларды пайдалану.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі

3.Тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балаларға өлең жолдарын жаттатудың тиімді әдіс - тәсілдерін қолдану.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі

4. Топтардағы коммуникативтік дағдыларын дамыту бұрыштарын дидактикалық ойын түрлерімен толықтыру.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі

№3 Педагогикалық кеңес

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту»

Күн тәртібі:

1. №2 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы.

Балабақша директоры: Смагулова Ж.Е

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілдерін дамытуда заттық дамытушы орталардың маңыздылығы.

Тәрбиеші : Қалажанова Э.О.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудағы педагогтар мен ата - аналардың өзара әрекеті.

Тәрбиеші: Омарбекова Б.М.

4. Топтардағы заттық дамытушы орталар бойынша жүргізілген байқау қорытындысы.

Әдіскерлер: Нургазинова Ж.Х., Жанапина А.С.

№ 3 педагогикалық кеңестің шешімі:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына арналаған нұсқаулыққа сүйене отырып, ҚР мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес заттық дамытушы орталарды кеңінен пайдалана отырып, балалардың сөйлеу тілін дамыту.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі.

2. Заттық - кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды орындай отырып, қажетті құрал жабдықтарымен толықтыру.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік және сөйлеу әрекетін дамыту бойынша ата - аналармен  бірлескен жұмыс түрлерін жүргізуді жалғастыру.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі

4. Топтардағы заттық дамытушы орталар бойынша жүргізілген байқау қорытындысында анықталған кемшіліктерді жою. Дамытушы орталардың өзгермелі, мазмұнды болуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа ойын түрлерімен толықтыру.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі

№4 Педагогикалық кеңес

Тақырыбы: «Қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру» 

Күн тәртібі:

1. №3 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы.

Директор: Смагулова Ж.Е

2. Бала тілін дамытуда мақал - мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтардың маңызы.

Тәрбиеші: Қасилимханова М.А

3. Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші: Калиева Б.К.

4. Шеберлік сағаты: «Ертегі терапиясы»

Топ тәрбиешілері, әдіскерлер.

5. Балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бағытында театр түрлерінен көрме ұйымдастыру.

Барлық топ тәрбиешілері

№4 педагогикалық кеңестің шешімі:

1. Мектепке дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыруды жалғастыру, халық ауыз әдебиеті элементтерін режимдік кезеңдерде және ойын іс - әрекеттерінде қолдану.

Жауаптылар: Барлық топ тәрбиешілері

Мерзімі: үнемі.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына арналған нұсқаулыққа сүйене отырып, теарт шығармашылық дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды орындай отырып, қажетті құрал жабдықтарымен толықтыру.