Білім беру процесіндегі қарым - қатынас - бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру.
Педагогикалық қарым - қатынас адамдар қарым - қатынасының жекеше түрі.
Әлеуметпен жұмыс 2022 - 2023 оқу жылында:
1. Ата - аналармен өзара әрекеттестік
-
Тренингтер мен жиналыстар, кеңестер
-
Іскерлік ойындар
2. Мектеппен байланыс
-
«№35 орта мектебі» КММ-мен сабақтастық.
2022 - 2023 оқу жылында төмендегі тақырыптардағы топ жиналыстары, жалпы балабақшаішілік ата - аналар жиналысы жоспарланған.
|
Мерзімі |
Тақырыбы |
Іс - әрекет түрлері |
Жауаптылар |
|
Қыркүйек |
1 Кіші топтар: «Мектепке дейінгі кіші топтағы балалардың бейімделуі, физикалық және физиологиялық, психологиялық жағдайы» 2 Орта топтар: ««Балабақша мен ата - ананың бірлігі» 3 Ересектер топтары: «Бала тәрбиесіндегі ата - ананың ролі» 4 Мектепалды даярлық топтары: «Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы» |
Топтық ата - аналар жиналысы |
Топ тәрбиешілері |
|
Қазан |
«Балабақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі бірыңғай талабы» |
Жалпы ата - аналар жиналысы |
Директор, әдіскер |
|
Ата - аналардың балалармен бірлесе отырып «Алтын күз» мерекесіне арналған көрмеге қатысуы. |
Көрме |
Топ тәрбиешілері ата - аналар |
|
|
Желтоқсан |
1 Кіші топтар: «Ата - ана мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі рөлі» 2 Орта топтар: «Ата - анамен үлкендерді құрметтеу». 3 Ересектер топтары: «Бала құқығы» 4 Мектепалды даярлық топтары: «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» |
Топтық ата - аналар жиналысы |
Топ тәрбиешілері |
|
Қаңтар |
«Қыс қалашығы» |
Қардан мүсіндер жасау |
Топ тәрбиешілері ата - аналар |
|
Наурыз |
Ата - аналардың Наурыз мерекелеріне ат салысуы |
8 Наурыз 22 Наурыз мерекелері |
Әдіскер, музыка жетекшілері, топ тәрбиешілеріата - аналар |
|
Сәуір |
«Бала денсаулығына қалай көңіл бөлу. Бала жарақатының алдын алу» |
Жалпы ата - аналар жиналысы |
Директор, медбике |
|
мамыр |
1. Кіші топтар: «Ата - анамен баланың жазғы демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізуі» 2. Орта топтар: «Жаздық сауықтыру шараларының қауіпсіздік ережелері». 3. Ересектер топтары: «Бала деңгейі қалай? Оқу жылының қорытындысы» 4. Мектепалды даярлық топтары: «Баланың мектепке дайындығы» |
Топтық ата - аналар жиналысы |
Топ тәрбиешілері |
Қаңтар айында «Қыс қалашығы» тақырыбында балабақша ауласында қардан мүсіндер жасауға келесі ата - аналар белсене қатысты: «Аққу» ересектер тобынан: Алтынбеков Дархан; «Шие» ересектер тобынан: Дадетов Айдын, Кушубаев Ержан, Хасенов Арман;
«7 мамыр - Батырлар күні» мерекесіне орай ересек топтар арасында ұйымдастырылған балабақшаішілік «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысқан тәрбиеленушілердің (Аянов Айсұлтан, Сейтқазинов Әмре, Сәрсен Сұлтан, Зарылхан Осман, Мұхтархан Айсұлтан, Майдолда Ерхан, Советбек Айсұлтан) ата - аналары балаларының дайындығына белсене қатысты.
Сонымен қоса, «Алтын күз», «Жаңа жыл», «8 Наурыз», «22 Наурыз» және «Қош бол, балабақшам» атты мерекелік ертеңгіліктер ата - аналардың қолдауымен өз деңгейлерінде өткізілді. «1 маусым - Балаларды қоғау күні» атты мерекелік іс - шара балабақша ауласында саяхат түрінде өткізілді. Саяхат кезінде балалар үш түрлі аялдамаға тоқтады. 1 - ші музыкалық аялдамада балалар әндер орындап, би билеп, түрлі көңілді ойындар ойнады. 2 - ші спорттық аялдамада тәрбиешілер балармен көңілді эстафеталық ойындар өткізді. 3 - ші шығармашылық аялдамасында алдын ала дайындалған мольберттерде балалар дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып суреттер салды. және түрлі - түсті бормен асфальтта суреттер салды. 2022 - 2023 оқу жылындағы ата - аналармен жұмысты қорытындылай келе, ата - аналармен біріккен жұмысты әрі қарай жандандыру мақсатында мынандай міндеттер қабылданды: · Балаларға арналған мерекелік іс - шараларға ат салысу · «Буллинг себептері мен оның алдын алу» тақырыбында ата - аналардың сауаттылығын көтеру · «Instagram», «Faeecbok» желілеріне салынған іс - шараларға қолдау көрсету, пікір қалдыру.